Республика күніне орай Астанада «Менің елім - менің Туым» атты іс-шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика күніне орай Астанада «Менің елім - менің Туым» атты іс-шара өтті

20.10.2022

Бүгін Астанада «Менің елім - менің Туым» атты іс-шара өтті. Оған белсенді атсалысқан жастар, қала тұрғындарымен бірлесіп, мемлекеттік туды ілуді бастады. Ұлттық рәсімдерге құрмет көрсету салтанаты, Республика даңғылында өтті. Қазіргі уақытта 100-ден астам ту тұрғын үй ғимаратының балконына ілінді. Шараға ұйытқы болған "Жастар рухының" өкілдері, барлық азаматтар бұл бастамаға қолдау көрсетіп, патриоттық сезімін білдіріп жатыр дейді. Мемлекеттік деңгейде өтіп жатқан іс-шара аясында, бес мыңдай ту ілу жоспарда бар.

Ақерке Ескендірова, «Жастар рухы» жастар қанаты басқарма басшысы:

Біз кеше өзіміздің әлеуметтік желіге осы лайфхакты салған болатынбыз - туды қалай ілуге болады. Сол бізге жүгініп жатқан тұрғындарға біздің белсенділер келіп, түсіндіріп жатыр - туды қалай дұрыс ілу керек. Ол ұшып кетпейтіндей және түсіп қалмайтындай.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу