Зеленский Ресей Федерациясы мобилизациясынан қашуға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский Ресей Федерациясы мобилизациясынан қашуға үндеді

20.10.2022

Украина президенті Владимир Зеленский оккупацияланған территориялардың тұрғындарын Ресейдің мобилизациясынан қашуға үндеді.

Оның сөзінше, таяуда Мәскеу Донецк, Луганск облыстарындағыдай Херсон, Запорожье аймақтарынан да ерлерді армияға әкетуге әрекеттенеді.

Және де Зеленский Ресей әскеріне шақырылғандарды бірінші мүмкіндікті пайдаланып, қаруын тастап, Украина жағына өтуге шақырды.

Путин украиналық 4 облыста әскери жағдай жариялады

Айта кетсек, Кремль басшысы Владимир Путин сәрсенбі күні Украинаның аталған төрт облысында әскери жағдай жариялады. Бұл шешімді Зеленский «чекист жолдастардардың долдануы» деп сипаттады.


Хабарламаларға жазылу