Қарағанды облысында «Республика күніне» орай аз қамтылған отбасыларға және жетім балаларға пәтер берілді. Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Дубовка ауылдық округінде 4 мыңға жуық тұрғын бар. Бұнда баспана мәселесі өте өзекті. Себебі, маңайдағы өндіріс орындары мен шахталарда жұмыс істейтіндер көп. Жергілікті әкімдік проблеманы шешу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөліп, қараусыз қалған көпқабатты үйлердің бірін қалпына келтірген. Мереке қарсаңында бірнеше отбасына осы үйден пәтер берілді.
Анна Солдатова, пәтер иесі:
Мен мемлекетімізге үлкен алғысымды білдіремін. Біз сияқты қолдауы жоқ адамдар үшін бұл үлкен қуаныш. Анам 4 жасымда қайтыс болды. Әкемді білмеймін. Пәтер өзіме қатты ұнайды. Бәрі жаңа. Айтарға сөзім жоқ. Жеке басымда баспана бар. Бұл үлкен қуаныш.
Руслан Нұрланұлы