Атырауда Республика күніне орай «Егемендігім – ерен елдігім» деген атаумен ақындар айтысы басталды.
Қазағым қалай ғана тауып айтқан,
Тәуелсіздік жетейік бағасына.
Бейбіт күнде бал татып тұрады деп,
Қайғысыз ішсе егер қарасуда.
Жыр додасына елдің әр түкпірінен 16 ақын жиналды. Сайыста бас-аяғы 8 жұп бақ сынайды. Оларға бекітілген тақырып – елдік турасында. Өлең жүйріктерінің сөз көкпарына Мереке Құлкенов, Несіпбек Айтұлы сияқты қабырғалы қаламгерлер қазылық етеді. Көптің делебесін қоздырған айтыс бүгін кешке қорытындыланады. Жалпы жүлде қоры 10 млн теңгеге жуық.
Шынарбек Қабиев, айтыскер ақын:
Айтыстағы ақындардың ой өрісінің кеңуі, олардың шеберлігінің шыңдалуы, сөз еркіндігі берілді. Осы айтыстың арқасында көптеген елдің проблемалары айтылды, жеткізілді. Осы Тәуелсіздікті сақтау, елді бірлікке шақыруда ақындардың ролі жоғары болды.
Жандос Темірғали