Төрегелді Шарманов: «Ең сұлу адам – денсаулығы мықты адам» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төрегелді Шарманов: «Ең сұлу адам – денсаулығы мықты адам»

19.10.2022

Ең сұлу адам – денсаулығы мықты адам. Бүгін Алматыда өткен халықаралық ғылыми конференцияда Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов осылай деді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан артық салмақ, диабет, жүректің қабынуы және қатерлі ісік секілді созылмалы аурулар күрт көбейген. Шараға қатысушылардың сөзінше, тамақтану факторларының темекі шегу, ішімдік ішумен салыстырғанда дертке шалдықтыру қаупі әлдеқайда жоғары. Конференция аясында Төрегелді Шарманов атындағы халықаралық қор денсаулық саласына үлес қосып, еңбек етіп жүрген мамандарға арнайы сыйақы тағайындады.

Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті:

Халыққа пайдасы тисін. Халықтың денсаулығына байланысты. Денсаулық адамның өміріне байланысты. Өмірінің сапасына байланысты. Сондықтан денсаулық саласына еңбек еткен адамдар өмірін, денсаулығын жақсартып, сапасын арттыру керек. Мен осындай тәсіл, осындай ұғым айтамын. 

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу