Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі 72 микроқаржылық ұйымды линцезиясынан айырды. Атап айтсақ, 18 микроқаржылық ұйым, 42 ломбард пен 8 кредиттік серіктестік қатаң санкцияға іліккен. Оған қызметін белгіленген мерзімде жүзеге асырмау, рұқсат етілмеген қызмет түрлерін көрсету және 50 АЕК-ге дейін қысқа мерзімге берілетін несиелер санын арттыру сынды ереже бұзушылықтар себеп болып отыр. Ал, кейбір ұйымдар өз еріктерімен жұмысын тоқтатқан. Агенттік жыл соңына дейін тағы 10 микро қаржылық ұйымға қатысты тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.
Нұрсұлтан Тілектес