Шымкент қаласында жаңа медициналық емдеу кешенінің құрылысы басталды. Жолдауда айтылған тапсырмаға сай, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы 800 науқас ем алатын аурухана мен бір ауысымда 700 адамды қабылдауға қауқарлы диагоностикалық орталық салуға кірісті. Жоғары оқу орнының көпбейінді клиникасы, болашақ дәрігерлердің кәсіби білігін шыңдаумен бірге, шаһар тұрғындарына сапалы медициналық қызмет ұсынады.
Көпбейінді аурухана мен диагностикалық орталық шаһардағы жаңадан салынып жатқан «Тұран» шағын ауданында орналасады. Оның аумағы 16 гектардан асады. Кешенде ана мен бала орталығы, хирургия, терапия, диагностика, шұғыл медициналық көмек көрсету секілді 34 бөлімше жұмыс істейді. Болашақта ядролық медицинаның дамуына жағдай жасалады.
Мырзабек Рысбеков, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры:
Университет клиникасының ерекшелігі кафедра меңгерушісі өз саласы бойынша бөлімді меңгереді. Тікелей студенттерді дайындауға, профилактикалық дағдыларды жинауға, оқу сапасына тікелей әсер етеді.
Отүстік Қазақстан медицина академиясында қазір 8 мыңнан астам студент білім алады. Клиника құрылысы аяқталған соң олар бұрынғыдай тәжірибе жинау үшін әр ауруханаға сабылмайтын болады. Нысандар жеке инвестордың қаржатына салынбақ. Құрылысты үш жылдың ішінде аяқтауды көздеп отыр. Клиника іске қосылған кезеңде 2 жарым мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Серікжан Сейітжанов, инвестор:
Клиникамыз 100 мың квадрат 32 отделением. Медициналық қондырғы шығаратын компаниялармен келісім жасап құрылысын бастайын деп отырмыз. Оның барлығы да халқымыздың әл-ауқатын, денсаулығын жақсартуға бағытталған іс шара деп түсініңіздер.
Жобаны іске асыру үшін мемлекет қаржысына аурухана құрылысына бөлінген жер учаскесіне қажетті инфрақұрылым жүйелері тартылды. Енді жол салынады.
Ғани Қалмаханов