Украина мен Ресей кезекті рет тұтқын алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Ресей кезекті рет тұтқын алмасты

18.10.2022

Украина мен Ресей кезекті рет тұтқын алмасты. Оның нәтижесінде 108 украиналық әйел елге оралды. Олардың арасында офицерлер, қатардағы жауынгерлер мен сержанттар бар. Ресей жағы тұтқында болған 110 әскери қызметкерін қайтарған. Ал Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Ресей ирандық дрондармен шабуылдауын тоқтатқан жоқ. Алайда Тегеран Мәскеуге мұндай қару бергенін жоққа шығарып отыр. 

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Иранның Ресейге пилотсыз аппараттарды сатуына қатысты сенімді дәлел бар. Бұған қоса, Тегеранның бұл қадамы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2231-қарарына қайшы келетіні айтылды. Аталған резолюцияға сай, Тегеран белгілі бір қару-жарақ түрлерін, соның ішінде дрондарды экспорттай алмайды және сатып та ала алмайды.      

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу