Жыл басынан бері елімізде 3 млн-ға жуық жаяу жүргінші жол ережелерін бұзған. Бұл мәліметтерді өңірлерде орнатылған автоматты тіркеу жүйелері анықтаған. Қазіргі уақытта барлығы 17 мыңнан астам интеллектуалды бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Олар ереже бұзатындарды бірден бірыңғай жедел басқару жүйесіне жеткізіп отырады.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілер санатына кіретін электрсамокаттар мен велосипед иелерінің қатысуымен болатын апаттар да көбейген. Олардың жолда жүру тәртібі де камералармен қадағаланады. Жол ережесін бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қолданылады.
Жандос Мұратәлиев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Ағымдағы жылы осындай 29 мыңға жуық тексеру жүргізілді. Олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 30 мыңнан астам ұйғарым берілді. Ұйғарылған талаптарын орындамағаны үшін 3 000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ламбриан Топузидис