Еліміздің әр аймағында өткен шаралардың түйіні Алматыда «Сәкеннің ән сандығы» деп аталатын дәстүрлі ән кешімен қорытындыланды.
Шарада Рамазан Стамғазиев, Жоламан Құжиманов, Ардақ Исатаева сынды дәстүрлі әншілер Сәкеннің халық арасына кең тараған «Ақсақ киік», «Сарыарқа», «Сыр сандық», «Қамауда», «Көкшетау» сынды бірнеше әнін орындады.
Халық қазынасын домбыраның құдіретімен танытқан кешті жазушының жақындары да тамашалады. Олар аталарының мерейтойын өткізіп жатқаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ