Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

18.10.2022

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Шу ауданынынң тұрғындары болып шықты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бір сәтте 5 күдіктіні құрықтаған. Тінту барысында 100 келіден асатын есірткінің ірі партиясын анықтаған. Сондай-ақ  АК-СУ автоматы мен 30-дан аса түрлі оқ тәркіледі. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Нұржан Рахметуллаев, Облыстық ПД бастығының орынбасары:

Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен және ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу