Ақмола облысында 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды

18.10.2022

Ақмола облысында 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл 10 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. 4 мың жұмыс орны ұлттық жобаларды іске асыру аясында ашылған. Олар ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс салаларында жұмыс істеп жүр. «Еңбек» жобасы бойынша 83 ақмолалық өз ісін ашқан. Сондай-ақ, нарықта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру үшін арнайы қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған. Биыл 500 адам осы мүмкіндікті пайдаланбақ. Сондай-ақ, оқуды бітірген түлектерге де қолдау көрсетілді. «Жастар тәжірибесі» бойынша 530-дан астам адам жұмысқа орналасты. «Алғашқы жұмыс орны» жобасының игілігін көргендер де көп. Жыл соңына дейін тағы 2 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу