Жамбыл облысында Республика күні қарсаңында 6 емхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында Республика күні қарсаңында 6 емхана ашылды

18.10.2022

Республика күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облысында бір күнде 6 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Жоба «Ауыл –ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Аймақта Мемлекет басшысы ұсынған «Ауылдық жердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда жетіспейтін медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік, дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланған.

Осы бағытта Талас, Сарысу, Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарынан заманfуи үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған 6 жаңа емдеу мекемелері ел игілігіне берілді. Орталықтар орташа есеппен бір сәтте 20 адамға дейін көмек көрсете алады. Айта кетейік, өңірде 2025 жылға дейін медицина саласына 76 миллиард теңгеге 118 жобаны іске асырып, тағы 96 нысан салу жоспарланып отыр.

Бекжан Мырзақұлов, аға дәрігер:

Бізде «Қаратау» дәрігерлік-амбулаториясы бүгін ашылып жатыр. Бұл жерде екі дәрігер, тоғыз орта медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. Біз халыққа медициналық қызмет көрсетуге әрдайым дайынбыз.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу