Мемлекеттік сатып алу рәсімдері оңтайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері оңтайланады

17.10.2022

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері оңтайланады. Жүйені автоматтандыра отырып, рәсімдеу мерзімі де қысқаруы мүмкін. Президент Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасын қабылдауды міндеттеген. Бүгін Қаржы министрлігінде бас қосқан мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері жаңа заң жобасының тұжырымдамасын талқылады. Онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтердің сапасына басымдық беру, өнім берушілердің таңдау талаптарын кеңейту және жауапкершілігін арттыру ,сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жоспарлаудағы кедергілер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Жаңа заң жобасын әзірлеу бойынша жол картасы бекіді .

Дәурен Кеңбейл, ҚР Қаржы вице-министрі:

Жол картасына сәйкес, жыл соңына дейін тұжырымдаманы бекіту керекпіз. Келер жылдан бастап негізгі заң жобасын әзірлеуге кірісеміз. Келесі жылдың қыркүйегінде Мәжіліс қарауына енгізіледі

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу