Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісін қабылдады

17.10.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мағжан Ілиясовты қабылдады. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Біріккен Корольдікпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент Мағжан Ілиясовқа екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті жандандыруға және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Еске салайын, 6-қазанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған. 

Ақмаржан Хафизқызы

Хабарламаларға жазылу