Үкімет сағатында елдегі жолдардың мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет сағатында елдегі жолдардың мәселесі қаралды

17.10.2022

2025 жылы нормативке сай республикалық жолдардың үлесі 100 пайызға жеткізіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Ал жергілікті жердегі жолдардың үлесі 95 пайыз болады. Қазір елімізде жолға қатысты 1 200-ден астам стандарттар мен нормативтер бар. Оның ішінде Кеңес Одағы кезінен пайдаланылып келе жатқан 17 құжат бар. Ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде ғылыми зерттеулер, тәжірибелік учаскелер мен пилоттық жобалардың ұзақ мерзімді бақылауларының нәтижелері ескеріледі. Алдағы 3 жылда кезең-кезеңімен енгізілетін талаптар 70-ке жуық құжатпен бекітіледі.

Дизайн

Министрдің айтуынша, қазір жол саласында басталған 17 жоба бар. Жыл соңына дейін шамамен 1 мың шақырым жол пайдалануға беріледі. Ал қалған 3 мың шақырым жол 2023-жылы аяқталады. Ең ұзақ жолдардың бірі - шығыста. Аймақта ұзындығы 1 300 шақырымнан астатын 3 ірі жоба іске асырылып жатыр. Олардың арасында «Талдықорған - Өскемен», «Қалбатау - Майқапшағай», «Үшарал - Достық» жолдары бар. Келесі жылы барлық осы учаскелер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады, - деді ведомство басшысы. Жалпы биыл 11 мың шақырымнан астам автожолда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу