Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасымен кездесті

17.10.2022

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Роговты қабылдады. Ол құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қызметінде азаптау фактілерінің алдын-алу мәселесі туралы есеп берді. Президент адам құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін айтты. Конституциялық түзетулерді пысықтау барысында Венеция комиссиясының Омбудсмен мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныстар ескерілді. Бұл адам құқықтарын сақтау саласына бақылауды күшейтеді және мемлекетті халықтың сұранысына жедел жауап беруге ықпал етеді. 

Әсима Нұрбай

Хабарламаларға жазылу