Франция мен Италия тұрғындары қымбатшылыққа байланысты шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция мен Италия тұрғындары қымбатшылыққа байланысты шеруге шықты

17.10.2022

Франция тұрғындары бағалардың өсуіне қарсы шеруге шықты. Парижде өткен акцияға 150 мың адам қатысқан. Олар жалақыны өсіруді талап етті. Шеруді 4 кәсіподақ бірлесе ұйымдастырған. Демонстранттар, «энергия мен азық-түліктің қымбаттауынан әбден қажығанын» айтып шағымданды.

Осыған ұқсас наразылық Италия астанасы Римде де өтті. Шеруге шыққандар коммуналдық төлемдерді азайтуды, жалақыны өсіруді, әлеуметтік жеңілдіктер жасауды талап етті. «Баға шарықтай берсе, бұл үлкен дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін» дейді наразы тұрғындар.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу