Астанадағы EXPO аумағында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы EXPO аумағында өрт шықты

17.10.2022

Астанадағы EXPO аумағында өрт шықты. Кеше осы жердегі кеңселердің бірі отқа оранды. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше ғимараттың 40 шаршы метр жерін қызыл жалын шарпып, мұрағат бөлмесіндегі құжаттар мен жиһаз күлге айналған. Күндізгі төрт жарымның шамасында тұтанған тілсіз жауды құтқарушылар бір сағаттың ішінде өшірді. Зардап шеккендер жоқ.

Шерхан Жамбыл

Хабарламаларға жазылу