АҚШ конгресінің арнайы комитеті Трампты тергеуге шақырды. Депутаттар бірнеше адамның өліміне әкелген былтырғы жаппай тәртіпсіздікке экс-президент жауапты деп отыр. Ақ үйдің бұрынғы басшысы халық қалаулылары шақырған уақытта куәлік беруге келмесе, қандай жазаға тартылуы мүмкін?
Жалғас Сәдібекұлы, журналист:
Трамптың мыңдаған жақтастары 2020 жылғы президент сайлауының нәтижесіне келіспей, былтыр қаңтардың алтысы күні Капитолийге басып кіреді. Трамп оларды қайтарудың орнына керісінше айдап салып, қылмыс жасауына итермеледі. Бір жыл ішінде мыңнан аса куәгерден жауап алған комиссия мүшелері осындай қорытындыға келіп отыр.
Бұл жаппай тәртіпсіздік кезінде конгрес ғимаратында болған жағдай. Енді ғана жарияланып отыр. Америкадағы негізгі саяси тұлғаның бірі Өкілдер палатасының спикері Конгресті қорғау үшін шұғыл әскер жіберуді жалып сұрап тұрған сәті. Сол кездегі үрейлі ахуалды көрсететін мұндай жайттар мен Трамптың кінәсін дәлелдейтін фактілерді бір жыл тергеу жүргізген арнайы комиссия жинап қойған. Оның ішінде мыңға жуық құжатты құпия қызметі берген.
Лиз Чейни, Республика партиясының өкілі:
Еліміздің, балаларымыздың және Конституциямыздың алдындағы парызымыз осының бәріне түрткі болған адамнан тікелей жауап алу. Әрбір америкалық азамат бұл жауаптарды алуға құқылы. Сондықтан біз өз Республикамызды қорғау үшін қазір әрекет ете аламыз. 6 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының Капитолийіне жасалған шабуылға байланысты Дональд Джон Трампты сотқа шақыруды жіберуді ұсынамын.
Конгрестің тоғыз депутатынан құралған арнайы комиссия жақтастарының капитоллиді басып алып, ойран салуына Трамптың тікелей қатысы бар деп санайды. Бұған дейін 9 рет ашық тыңдау өткізген депутаттар енді экс президентті тергеуге тартпақ. Сол үшін оған арнайы шақырту жіберді.
Жалпы, Капитолиге жасалған шабул кезінде 140 полиция қызметкері жарақат алып, бірнеше адам мерт болған. Мыңға жуық адам тұтқындалып, олардың бір бөлігіне бір жыл мен он үш жылдың арасынға түрмеге жабылды.
Жалғас Сәдібекұлы, журналист:
Федералдық заңға сәйкес Трамп куәлік беру үшін Конгреске келуі міндет. Оған бағынбаған жағдайда бір айдан 12 айға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Егер арнайы комиссиясының шақыруын елеусіз қалдырса, палата толық құрамда дауыс беріп, айыптау бойынша шешім шығару үшін Әділет министрлігіне жүгінеді.
Жалғас Сәдібекұлы