Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

15.10.2022

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. «Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін»,-деп жазылған жеделхатта.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу