Екі ел арасындағы байланыс сан-салада жанданып келеді. Әсіресе сауда-саттықта айтарлықтай жетістік бар. Мәселен биыл Түркіменстанға экспорт көлемі екі жарым есе артқан. Біз сегіз айда 79 миллион долларға бидай, 11 миллионға ұн, 7 миллионға күріш, 53 миллионға смартфон және қара металл экспорттадық. Түрікменстаннан да аларымыз аз емес. Импорт көлемі 2,1 есе артқан. Биыл ол жақтан 31 миллион долларға сұйытылған мұнай газын сатып алдық. Әрі 24 миллионға картоп, қызанақ секілді бау-бақша өнімдерін импорттадық. Арнайы техникалар мен тоқыма өнімдерін де Түрікменстаннан тасымалдаймыз.
Досжан Маратұлы