Ұлы Жібек жолы бойынан табылған тарихи ескерткіштер мен мәдени мұралардың суреттері Қазақстанға жеткізілді. Қытай Халық Республикасының сыйы бүгін Астанадағы ұлттық музейге қойылды.
Шығыстан жеткен 20-ға жуық туындының басым бөлігі ежелгі Хан мен Тан әулетінен қалған жәдігерлер. Оның ішінде, батырлардың қару-жарағы, алтын мен күмістен қапталған әшекейлер мен жауынгерлер ескерткіші бейнеленген суреттер бар.
ЮНЕСКО ұйымы құнды деп баға берген мәдени нысандардың тағы 31 данасы болашақта Қазақстанға әкелінбек. Ал, аталмыш туындыларды астаналықтар желтоқсанның 12-сі мен 14-і аралығында тамашалай алады.
Сондай-ақ, мәдени апта аясында Шанхай Ынтымақтастық ұйымы елдері ортақ бірнеше шара ұйымдастырып, елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтты.