Павлодардағы ұстаздар Жолдау жүктеген міндеттерді талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы ұстаздар Жолдау жүктеген міндеттерді талқылады

13.10.2022

Павлодар қаласындағы Педагогикалық университетте ұстаздар қауымы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдері жолдау жүктеген міндеттерді талқылады. Қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ал, өткен аптадағы аймаққа сапары кезінде ғылыми қызметкерлердің қоғамдағы абырой – беделін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді. Мәселен, «жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінеді. Студенттер, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы біртіндеп көбейеді. Ғылыми зерттеу институттарын қаржыландыру жүйесі жетілдіріледі.

Мақсат Нығманов, Павлодар педагогикалық университетінің проректоры:

Жолдауда өздерініз білесіздер педагогикалық оқу орнына аккредитациялаудың жаңа талаптары ұсынылып отыр. Яғни, бұл дегеніміз мұғалімдерді даярлаудың жаңа талаптары, жаңа стандарттары енгізіледі. Ертең біз сапалы білім беретін өз ісінің маманын, кәсіпқой маман болатын мамандар даярлауға жаңа серпіліс. Яғни, жаңа стандарттар бойынша білім берудің жаңа деңгейіне өтеміз деген сөз.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу