Елордада ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

13.10.2022

Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен өткен кеңесте делегаттар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Одан бөлек 14 қазанда Қазақстан астанасында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті. Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешім қабылданды.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу