Кедендегі рәсімдерге уақыт жоғалтпас үшін шекарада арнайы экономикалық аймақ құрып, онда өндіріс орындарын ашу ұсынылды. Сауда және интеграция министрлігінің мұндай бастамасына көрші елдердегі кеден қызметінің жеткілікті дәрежеде цифрлық құжат айналымына көшпеуі себеп. Бұл туралы бүгін Астанада басталған 12-ші орталық азия сауда форумында айтылды. Жиын тауар тасымалдаушылар кейде өткізу пункттерінде апталап тұруға тура келеті айтылды. Ал экспорттаушылар елден шығу үшін құжат дайындауға 2 ай кетіреді. Бұл кедергілердің кері әсерін азайту үшін жауапты министрлік бастама көтерген. Көрші елдермен келісім жасалса, тауар тасымалымен қатар өндіріс те өркендемек.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:
Қырғызстанда электр энергия өте арзан. Ал бізде технологиялар бар. Сол екі факторды біз қоссақ, әр түрлі тауарларды тек Қазақстан мен Қырғызстанда өндіріп, бір-бірімізге сатпай, тура сол ортада бір-біріміздің мүмкіндіктерімізді пайдаланып осы шекарада тауарларды өндіру болып табылады. Және осы тауарларды осы екі мемлекетке емес, басқа да мемлекеттерге сату көзделіп отыр.
Серік Селеубай