Майнерлерге талап күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майнерлерге талап күшеймек

12.10.2022

Майнерлерге талап күшеймек. Енді 2024 жылдан бастап майнерлер өз капиталының 75 пайызына дейін Қазақстандық криптабиржалараға айырбастау міндеттелуі мүмкін. Бүгін мәжіліс отырысында «Цифрлық активтер туралы» заң жобасы талқыланды.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Мәжілісте цифрлық активтер мәселесі бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқылануда. Онда цифрлық қаржы айнылымынан түсетін салық мәселесі көтерілуде. Қазір цифрлық валюта әлемде әр түрлі қадағаланады. Біз де соған бетбұрыс жасадық. Қазіргі таңда майнинг жүйесі ақша айналымының бір бөлігіне айналды. Енді соны өндірушілерге салық салу басты мәселе. Әлбетте салықтан жалтару фактілері де кездесіп жатыр. Дегенмен заң жобасында соның алдын алу, қызметін әкімшілендіру жағы пысықталған. Ал, криптобиржаға келсек оның жұмысын құқықтық негізде жүргізуге рұқсат жоқ. Өйткені, ұлттық валютаның айналымын шектейді. Сондай-ақ цифрлық ақша өндіру үшін электр энергия қажет. Бұл экономика мен әлеуметтік салаға салмақ салмауы керек. Яғни, майнерлерге тоқ тұтынуға шектеу қойылады. Егер өз энергия стансаларын орнатса онда әңгіме бөлек. Бірақ депутаттар заң жобасын шикі деп тауып, екінші оқылымға қалдырды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу