Мәжіліске рақымшылық туралы заң жобасы енгізілді. Енді депутаттар қаңтар оқиғасына қатысқандардың қайсысына жеңілдік жасалатыны жөнінде «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы аясында жан-жақты талқылайды. Мемлекет басшысы биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау жөніндегі тапсырма берген еді. Сол міндеттің аясында азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмегендерге рақымшылық жасалуы мүмкін.
Раушан Сайлауқызы