Азия кеңесінің VI саммитіне 50-ге жуық делегация қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия кеңесінің VI саммитіне 50-ге жуық делегация қатысады

12.10.2022

Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне 11 елдің президенті келеді деп күтілуде. Сарапшылар бұл шараны пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте аса ауқымды сыртқы саяси оқиғалардың бірі деп отыр. Саммитке әлемнің бірқатар елінен 50-ге жуық делегация қатысады. Шараның маңыздылығы өте жоғары. Кеңеске - 27 ел мүше. Яғни, Азия құрлығының 90 пайызын қамтитын үлкен алаң. Саммит барысында бірқатар шешім қабылданады деп жоспарланып отыр. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу