Нью-Йорк биржасында акциялар 4 күннен бері арзандап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк биржасында акциялар 4 күннен бері арзандап жатыр

11.10.2022

Нью-Йорк биржасында акциялар 4 күннен бері арзандап жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, жүздеген компания құнды қағаздарының орташа нарқын көрсететін «Доу-Джонс» индексі 0,32 пайызға түссе, «Эс-эн-Пи» 0,75 пайызға, ал «Наздак» 1 пайыздан астам төмендеген.

«Уолл Стритте» мұндай жағдайдың қалыптасуына АҚШ Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі себеп. Алайда, кейбір сарапшылардың ойынша, мұндай агрессивтік ақша саясаты Америка экономикасын рецессияға жетелеп, жұмыссыздар санын көбейтуі мүмкін. Ал, өзге бір қаржыгерлердің сөзінше, несие үстемесін көтеру арқылы шарықтап бара жатқан инфляцияны тежеуге болады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу