Биыл мемлекеттік бюджетке 11 трлн 177 млрд теңге түсті. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуына қарай, кіріс жоспары 143 млрд теңгеге артық орындалған. Ал республикалық бюджетке 7,5 трлн теңге аударылды. Оның ішінде салық арқылы түскен ақша 55 млрд теңгеден асады. 89 млрд теңге салыққа жатпайтын кіріс. Жергілікті бюджеттің кірісі 4 трлн теңгеге жуық.
Ақерке Бектас