Үкімет отырысы: Жыл басынан экономикалық өсім 2,8 пайызды құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысы: Жыл басынан экономикалық өсім 2,8 пайызды құрады

11.10.2022

Тоғыз айдың экономикалық көрсеткіштері бойынша Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы және Шымкент қаласы көш бастап тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр айтты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда экономикалық өсім шамамен 3 пайызды құрайды. Инвестиция тарту бойынша Алматы, Ақмола, Қызылорда облысы мен Алматы, Шымкент қаласы көш ілгері. Елдің экспорттық әлеуеті де артып келеді. 9 айдың қорытындысы бойынша өзге елге тауар тасымалдау 50 пайыздан асты. Үкімет басшысы шикізаттық емес секторларда инвестициялық жобалар санын арттыруды тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтау керек. Бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражатты жыл соңына дейін толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз ету керек.

Жұмыссыз жастар саны бойынша 6 облыс көш бастап тұр

Отырыста халықты жұмыспен қамту іс-шаралары да талқыланды. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас келеді. Тәжірибесі жоқ мамандарды жұмысқа орналастыру үшін қолдау көрсету қажет. Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облысында жұмыссыз жастар көп. Үкімет басшысы әкімдіктерге жастарды оқытып, жұмысқа орналастыру мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет, - деді Үкімет басшысы. Биыл Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 269 мыңнан астам жұмыс орны ашылуы тиіс.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу