Елімізде Еуропалық қой тұқымын түрлендіру зертханасы ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Еуропалық қой тұқымын түрлендіру зертханасы ашылмақ

11.10.2022

Елде еуропалық қой тұқымын түрлендіру зертханасы ашылмақ. Жоба - араб инвесторларымен бірлесіп іске асырылады. Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» төрағасы Дархан Балпанов айтты. Мамандардың мәліметінше, қазір елімізде екі генетикалық зертхана бар. Онда қой тұқымын асылдандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Биылдан бастап араб елдері Қазақстанда шығарылатын қой етіне өте үлкен қызығушылық көрсетіп жатыр. Сондықтан, еліміздің бұл тұрғыда әлеуеті үлкен. Ендігі жылдан бастап араб елдерімен бірге қосылып, 2 млн еуроға бағаланған зертхана құрылмақ. Ертең, елордада өтетін халықаралық аграрлық көрмеде алғаш рет қой шаруашылығына қатысты озық технологиялар таныстырылмақ.

Дархан Балпанов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» төрағасы:  

 «Жалпы стратегия бойынша ғылыми институттың» деңгейін көтеріп, фермерлерге ұрықтандыру технологияларын жеткізу ойымызда тұр. Ал, жүнге елімізде сұраныс болмаса да, шетелде сұраныс көп. Сондықтан, селекция жұмыстарын атқару керек. Ол жұмыстар да ғылыми институттарымызда жүргізіліп жатыр.  Біздің мақсатымыз – селекцияны дұрыс ұйымдастырып, тиімді нәсілдер шығарып, сол мәселені фермерлерге жеткізу. Ал, мемлекет тарапынан өнімді шетелге шығарудың мүмкіндіктерін іздеу маңызды.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу