Францияда жанармай тапшылығы күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жанармай тапшылығы күшейіп келеді

11.10.2022

Францияда екі аптадан бері жанармай тапшылығы күшейіп келеді. Елде бұндай жағдайдың қалыптасуына мұнай өңдеу зауыттары жұмысшыларының ереуіл жариялауы себеп. Олар жалақы 10 пайызға көтерілмесе, жұмысқа шықпайтындарын ескертіп отыр. Осыдан кейін бүкіл ел аумағында бензин құятын станциялардың үштен бірі қаңырап, жанармай бағасы шарықтап кетті. Сондықтан, отын импортын көбейтуге тура келіп отыр. Француз үкіметі энергетикалық дағдарысты еңсеру мақсатында стратегиялық резервтегі отын қорын нарыққа шығару туралы шешім қабылдаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу