Еуропалық Одақ пен Еуропа кеңесі Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ пен Еуропа кеңесі Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптайды

11.10.2022

Еуропалық Одақ пен Еуропа кеңесі Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптайды. Бұл туралы Еуропа кеңесінің Бас хатшысы мен Еуропалық Одақ Жоғарғы өкілі ұйымның сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде хабарлады. «ЕуроОдақ пен Еуропа Кеңесі - Қазақстанның өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасын ратификациялауын жоғары бағалайды». «Өлім жазасын әлі де қолданатын мемлекеттер санының тұрақты азаюы - осы қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және тиімсіз жазадан бас тартудың жаһандық үрдісін растайды»,-деп жазылған құжатта.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу