Кезінде кеденде жұмыс істеген азаматтар зейнетақымен қамтуды сұрайды. Себебі 2012 жылға дейін құқық қорғау органының қызметкері мәртебесіне ие болды. Кеденшілер саладағы көп реформаның кесірінен ескерусіз қалдық дейді. Бұрын құқық қорғау органы санатында болған мекеме қызметкерлері мемлекеттік шекараны күзетумен қатар, контрабандамен, заңсыз қару-жарақ , есірткі тасымалымен күрескен. Қызмет барысында басын қатерге тігіп, оққа ұшқан әріптестерінің де ерлігі елеусіз қалғанын жеткізді. Ал Экономикалық тергеу қызметіне ауысқандардың еңбек өтілі есептеліп, олар зейнетақымен қамтылған.
Мейрамғали Көккөзов, бұрынғы кеден органының қызметкері:
Олардың алып отырған себебі , олар 2013 жылға дейін қызмет жасаған кеден органында. Құқық қорғау органы болып тұрған кезде жұмыс істеген деп, құқық қорғау қызметкері есебінде олар алып отыр зейнетақысын. Ал біз дәл сондай болып солармен бірге жасадық. Бірақ біздерге бермейді. Сол екі ортада алалау бар.
Айнұр Сартаева , ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
Мемлекеттік кірістер комитетінің өзі құрылғаны 2014 жылы. 2014 жылға дейін болып кеткен нәрсе ол. Шағымданып жүрген кісілерге қатысты, олардың зейнеткерлік жасына байланысты, олардың қызмет өтілін есептеу мәселесі, сонымен қатар құқық қорғау органдарының мәртебесін беру немесе алу мәселесі мемлекеттік кірістер комитетінің құзырына кірмейді.
Серік Селеубай