Соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасап, мүмкіндігінше бұл елдің аумағынан кетуге шақырды. Себебі азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуыл күшейген. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жақын арада Украинадағы елшілік қызметкерлері эвакуацияланады. Дипломаттар көрші елдерге немесе Қазақстанға көшірілуі мүмкін. Қызметкерлер жұмысты онлайн форматта жалғастырады.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Біздің 7-8 қызметкеріміз қалған соларды қазір басқа қауіпсіз жерге эвакуация мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл бір екі-күнде шешіліп қалады. Жалпы қанша қазақстандық бар деген сұраққа біз жауап бере алмай отырмыз. Өйткені, көбісі хабар бермейді. Эвакуацияның бірінші легінде кеткен адамдар қайтып Украинаға барып жатыр, олар біз осы елде қаламыз деген ниеттерін білдіріп жатыр.
Асылбек Данияр