Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасап, мүмкіндігінше бұл елдің аумағынан кетуге шақырды. Себебі азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуыл күшейген. Сондай-ақ, Қазақстан Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тарта тұруға кеңес берді. Ал, Украинада жүргендерді әуе шабуылы дабылына мұқият мән беруге, өз баспанасында және бомба-панада қалуға шақыруды.
Сәбит Әлдебай