Перудің Ұлттық полициясы 16 тонна кокаинды өртеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перудің Ұлттық полициясы 16 тонна кокаинды өртеді

11.10.2022

Перудің Ұлттық полициясы 16 тонна кокаинды өртеді. Тыйым салынған зат елде шілде мен қыркүйек аралығында тәркіленген. Оны жоюға Перудің ішкі істер министрі Абель Гамарра қатысты. Оның сөзінше, тәркіленген есірткінің 80 пайызы кокаиннен жасалған. Биыл тонналаған есірткі осымен үшінші мәрте өртеліп отыр. Дегенмен заңсыз затты тасымалдаумен айналысқандар қолға түсті ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу