Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

10.10.2022

Биылғы 9 айда 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде аудиторлық тексеру жүргізілді. Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы да қабылдап, атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берілді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды. Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу