Сербиялық Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербиялық Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды

10.10.2022

Әлемнің 7-ші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды. «Үлкен дулыға» жарысының 21 дүркін жеңімпазы финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті. Сербиялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен ұтып, өзінің үздік теннисші екендігін тағы бір дәлелдеді. Осылайша, биыл елордада алғаш рет ATP 500 деңгейінде өткен айтулы дода мәресіне жетті.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу