Үкімет басшысы көкөніс қоймаларын толтыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы көкөніс қоймаларын толтыруды тапсырды

08.10.2022

Бүгін үкіметте баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Жыл басынан бері елімізде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы 19,6 пайызға өскен. Қымбатшылық әсіресе Ұлытау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жоғары болған. Дегенмен соңғы уақытта елімізде кейбір тауарлар, атап айтқанда пияз бен қант бағасы төмендеген.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

Наурыз айынан маусым айына дейін жалғасатын маусымаралық тапшылықты болдырмау және қымбат көкөністі сырттан тасымау үшін қоймаларды қазірден бастап пияз, картоп, сәбіз, қырыққабатпен толтыру қажет. Маусымдық кезеңде бағаны интервенциялау және көкөніс бағасының шарықтап кетуіне жол бермеу үшін төмен бағамен сатып алатын мүмкіндікті қазір тиімді пайдалану қажет.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу