Шымкент қаласының ардагерлері әлеуметтік мәселелерінің шелігенін қалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының ардагерлері әлеуметтік мәселелерінің шелігенін қалайды

08.10.2022

Шымкент қаласының ардагерлері шипажайда емделу мерзімін бәріне бірдей 12 күнге ұзартуды сұрайды. Сондай-ақ, зейнеткерлер үшін қоғамдық көліктегі жол ақысы арзандаса, дейді. Ардагерлер кеңесінің отрысында талқыланған бұл мәселелерді жергілікті билік назарға алмақ.

Миллоннан астам тұрғыны бар мегополисте 85 мыңнан астам зейнеткер бар. 4 соғыс ардагері мен 2 мыңнан аса тыл еңбеккері тұрады. Мемлекет қамқорлығына алынған осынау жандарға ерекше көңіл бөлініп келеді. Зейнет жасындағы тұрғындар «Белсенді өмір сүру» орталығында 27-ге жуық қызмет түрін пайдаланып, биылдың өзінде арнаулы орталық 14 мыңға жуық ардагерге емдік-сауықтыру қызметін көрсеткен. Десе де, қарияларды толғандырған мәселелер жоқ емес. Аға буын өкілдері өз проблемаларын кезекті кеңесте ортаға салды.

Кенжехан Төлебаев, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында көп әлеуметтік мәселелер шешілген. Бірақ соның ішінде көкейтесті мәселелер әліде бар сияқты. Бүгін ардагерлер сол мәселелерді шешсең деген ойдамыз.

Ардагерлерге жылына бір рет сауықтыру шипажайына жолдама беріледі. Жыл сайын осы мақсатта бюджеттен 619 млн теңге бөлінеді. Бірақ 6 күндік демалысқа жыл күтіп жете алмаймыз, дейді ардагерлер. Сондықтан оны 12 күнге ұзартса деген өтініштерін айтып қалды. Бұдан өзге зейнеткерлер үшін қоғамдық көліктің құны арзандаса деген ұсыныстарын жеткізді.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Біз дотацияда отқан қаламыз. Өзіміздің жарататын ақшадан үш есе аз ақша жинаймыз. 583 млрд тың 81 пайыз бюджеті әлеуметтік мәселелерге кетеді.

Яғни ардагерлердің шипажайларда демаласын 12 күнге ұзарту үшін бюджеттен тағы 1 млрд 300 млн теңге қажет. Жергілікті билік басқосуда айтылған мәселелердің барлығын алдағы уақытта қараймыз деп уәде етті.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу