Нобельдің бейбітшілік бойынша биылғы сыйлығын ресейлік, беларусьтік, украиналық адам құқығын қорғаушылар иеленді. Мұны бүгін Ослодо Нобель комитетінің басшысы Беррит Рейсс-Андерсен хабарлады. Оның мәлімдеуінше, құнды жүлдені беларусьтік «Весна» ұйымының жетекшісі Алесь Беляцкий, ресейлік адам құқығын қорғау ұйымы «Мемориал» және украиналық «Азаматтық бостандық орталығы» бөліседі. Айта кетсек, бұл сыйлық әдетте қарулы күштер санын азайту мен бейбіт келіссөздерге ықпал еткендерге және халықтар достығын нығайтуға үлес қосқандарға табысталады.