Алматы облысының Іле ауданында төрт адам газға уланып көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Іле ауданында төрт адам газға уланып көз жұмды

07.10.2022

Алматы облысының Іле ауданындағы Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы газға уланып көз жұмды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 52 жастағы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған. Марқұмның әйелі – балалардың анасы үйде болмаған. Отбасы екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қайтыс болған балалардың анасы аудандағы мектептің бірінде аспаз болып жұмыс істейді.

Бақыт Иманқұлов, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

1970 жылы туған ер адам және оның үш ұлы біреу 2009 жылы туған, және 2014 жылы туған екі бала пропан газ баллондарынан уланған. 25 литрлік целиндр үйде жасалған газ жылыту пешіне қосылған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу