Норвегия Ресей кемелерінің өтуіне шектеу қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегия Ресей кемелерінің өтуіне шектеу қойды

07.10.2022

Норвегия Ресейдің балық аулау кемелеріне өз порттары арқылы өтуге шектеу қойды. Скандинавия мемлекеті өткен аптада Солтүстік ағын газ құбырында болған апаттан кейін қауіпсіздікті осылайша күшейтіп отыр. Бұдан былай Ресей кемелері жіті тексерістен кейін Норвегияның тек үш портына кіре алады. Басқа айлақтарға жол жабылды. Сонымен бірге осы елдің сыртқы істер министрі Анникен Хюитфельдттің сөзінше, мұндай шара Ресейге транзитпен заңсыз тауар тасымалдауға жол бермеу үшін қажет. 

Хабарламаларға жазылу