Ауқатты елдердің инфляциямен күрес үшін қолданып жатқан шаралары ғаламдық рецессияға әкелуі мүмкін. БҰҰ Сауда және даму конференциясының жыл сайынғы баяндамасында осындай ескерту айтылған. Рецессияға экономикасы дамыған мемлекеттердің ақша-несие және салық-бюджет саясатында болып жатқан өзгерістер әсер етеді. Болжамға сай, әлемдік экономика өсімі биыл 2,5 пайызды құрайды. Ал келер жылы көрсеткіш 2,2 пайызға баяулайды. Дамушы елдердің жалпы ішкі өнімі үшін бұл ауыр салмақ болмақ. Оның үстіне биыл бұл елдер өз валюталарын қолдауға резервтен 379 млрд доллар жұмсаған.