Британиялықтар қыста энергия дағдарысын әбден сезінуі мүмкін. Еуропадан электр қуатын импорттай алмаса және газбен жұмыс істейтін электр станцияларына қажетті көгілдір отын тарта алмаса, жағдай қиындайын деп тұр. Үнемдеу мақсатында қыста күн сайын үш сағатқа электр қуаты өшірілуі мүмкін. Бірақ Британия үкіметі мұндай қатаң шараладан бас тартып, тығырықтан шығар жол іздеуге көшті. Жалпы Еуропа елдері Ресей-Украина қақтығысынан туындаған энергетикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр.
Арай Төлегенқызы