Биыл мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түскен

06.10.2022

Биыл мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түскен. Finprom агенттігінің мәліметінше, шілдеге дейін ел қазынасына 11 трлн 400 млрд теңге түсті. Былтырмен салыстырғанда биыл бюджетке келген кіріс 3 трлн теңгеге көп. Салықтан түскен ақша 8 трлн теңгеден асады. Оның ішінде табыс салығынан 3 трлн теңге, тауарлар мен қызметтердің ішкі салығынан 2,9 трлн теңге, халықаралық сауда арқылы 1 трлн 200 млрд теңге пайда келді. Әлеуметтік салық 500 млрд теңгеден асқан.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу