Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Зачаган кентіндегі №10 мектепте оқитын 15 жастағы Даниял сыныптастарымен бірге сабақ басталғанша дәлізде жүрген. Қоңырау соғылып, ішке кіріп, сабаққа дайындалып жатқанда ес-түссіз құлап түскен. Мектеп дәрігері мен шұғыл жеткен «жедел жәрдем» мамандары көмек көрсеткенімен, баланы ажалдан құтқарып қала алмады. Оның бұрыннан паралич диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды.
Ардақ Мұратқызы